Аралда есірткіні заңсыз сақтап, өзімен бірге алып жүрген 2 азамат қоғамдық жұмыс арқылы жазаларын өтеуде
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару- жүйесі департаментінің Арал аудандық пробация қызметінде есебіндегі 3 азамат қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазаларын өтеуде.
Аудандық пробация қызметінің бастығы С.Сейдахметовтың айтуынша, полиция қызметкерлері 2 азаматты тексеру барысында олардың киімінің қалтасынан өзіндік иісі бар кептірілген есірткі заты табылып, оны өткізу мақсатында өзімен бірге заңсыз сақтағаны анықталған. Сот үкімімен екі азаматқа да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 80 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалса, 1 азаматтың қалтасынан «кастет» деген металдық зат табылған. Кастет дегеніміз -соққы күшін ұлғайту үшін саусаққа киілетін тесіктері бар металл пластинка немесе дәнекерленген металл сақиналар, суық қару болып табылады.Жуырда кастетпен ұсталған азамат 80 сағат қоғамдық жұмысын толық өтеп, есептен шығарылған. Ал, екі азамат күніне 4 сағаттан аудандық әкімдік белгілеген орындарда тазалық жұмыстарын атқарып жүр.
«Қазіргі уақытта өз кінәмді толық түсіндім. Қандай қылмыс жасасаңда оның өтеуі жаза екенін біле тұра жасағаныма іштей өкінішім бар. Жазамды еңбекпен өтеп жатырмен. Бұл маған үлкен сабақ болды»,- деді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]