Қоғамдық жұмысты өтеп жүрген азаматтарға бақылау жасалуда
Қызылорда қалалық пробация есебіндегі 15 азамат қоғамдық жұмыстарды атқару арқылы жазаларын өтеуде. Олар жергілікті әкімдікпен белгіленген аумақтарды тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Б.Наурызбаевтың айтуынша, пробация қызметкерлері қоғамдық жұмысқа және мәжбүрлі еңбекке тартылған азаматтарды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.
«Белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар күніне 8 сағат көшелерді тазалау, сыпыру сынды жұмыстарын атқарады. Қазіргі таңда қоғамдық жұмысқа тартылған 15 азамат сот үкімімен белгіленген 10 сағаттан 280 сағат аралығындағы жазаларын қоғамдық жұмыстар арқылы өтеуде. Олар жұмысқа уақытылы келіп, жұмыстарын адал орындайды. Егер қоғамдық жұмыстан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады»,- деді әділет подполковнигі Бақыт Наурызбаев.
Қызылорда қалалық пробация қызметі
ДУИС по Кызылординской области
[xfvalue_img]