ШҚО-ДА «САЙҒАҚ» КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

ШҚО-ДА «САЙҒАҚ» КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары  Талғат Рахымжановтың қатысуымен «Сайғақ» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы және аң аулау ережесіне енгізілген өзгерістер түсіндіру бойынша тікелей эфир өтті.

Қазақстанда 15 сәуірден бастап «Сайғақ» кең ауқымды табиғат қорғау акциясы басталады. Браконьерлікпен күресу және заңсыз аң аулауға, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын қолға түсіру, иемдену,  сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдауға қарсы іс-қимыл жұмыстарын күшейту мақсатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, ҚР ішкі істер  министрліктерімен және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен 2021 жылғы 15 сәуір мен 15 мамыр және 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында «Сайғақ» кең ауқымды табиғат қорғау акциясын өткізу туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұйрық шеңберінде акцияны өткізу кезінде құқық қорғау, табиғат қорғау және өзге де органдардың өзара іс-қимылы бойынша үйлестіру штабының құрамы, сондай ақ бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.

Биыл Шығыс Қазақстан облысы аумағында аталған акция екінші жыл өткізіледі. Бұл дала бөкендерінің саны артып, Қарағанды және Павлодар облыстарының шекаралас аудандарынан облыс аумағына кіріп қана қоймай, соңғы жылдары оның Аягөз ауданының аумағында және Семей қаласының әкімшілік жерлерінде мекендегені байқалады.

Бүгінгі күні ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ШҚО Ішкі істер департаменті, «Охотзоопром» РМКК қызметкерлерімен табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылық фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру үшін мобильдік топтар құрылған. Акцияға жоғарыда аталған ұйымдардың инспекторлық құрамы, өтімділігі жоғары автокөлік, КУНГ-тар, браконьерлік фактілерінің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шараларды өткізу үшін қажетті құралдар тартылады.

Бүгінгі күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығымен бекітілген «Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеу мен тыйым салуды енгізу, оларды пайдалану орындары мен мерзімдерін белгілеу туралы» 3 қосымшаның 5 тармағына сәйкес, ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға 2023 жылға дейін тыйым салу енгізілген. Киіктерді заңсыз аулағаны үшін, сондай-ақ олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдағаны үшін мүлкі тәркілене отырып,  3 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауапкершілікке тартылады.  Серке киік үшін залал 500 АЕК, ұрғашы киік, киік төлі үшін 350 АЕК құрайды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.