ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОНЛАЙН-РЕЖИМДЕ ҚАРАЛДЫ

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ОНЛАЙН-РЕЖИМДЕ ҚАРАЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті аумақтық Экология департаментімен бірлесіп бейнеконференцбайланыс арқылы экология саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Онлайн-кеңес облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы қызметкерлерінің, қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Адалдық алаңы» Республикалық жобалық кеңсесі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде Министрлікте, сондай-ақ оның өңірлік бөлімшелерінде азаматтардың проблемалық мәселелерін қарау үшін жобалық кеңселер құрылған.

Іс – шара барысында өңірлік «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жүргізіліп жатқан жұмысы және оның экологиялық саладағы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі алдағы жоспарлары туралы ақпаратпен Экология департаменті жанындағы жобалық кеңсенің жетекшісі, «Эко-Көкше» ҚБ директоры Әбілжан Хусаинов сөз сөйледі.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Экология департаменті мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

Талдау аталған мемлекеттік органдардың қызметінде тексеру жүргізу барысында бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру бөлігінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша анықталған тәуекелдерді жою бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ, тиісті жоспарлар әзірленіп, бекітілді.

Іс-шаралар жоспарының орындалуы және экология саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар онлайн-кездесуде қаралған екінші мәселе болды. Бұл туралы облыстық Экология департаментінің басшысы Абай Сафин баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Бақытжан Әмірханов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою үшін сыртқы талдау нәтижелері бойынша, сондай-ақ талқылау барысында ұсыныстарды ескеру қажеттігін атап өтті.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.