Қызылордада пробация қызметкерлері есептегі азаматтарға 1500 бетперде таратты
Қызылорда қалалық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмекті жиі ұйымдастырады. Бүгін тағы да пробация қызметкерлері есептегі азаматтарға 15 данадан бетперде таратып, коронавирустан қорғану жолдарын түсіндірді. Сонымен қоса, көшеге көп шықпау керектігін және адамдар көп жиналатын жерлерге бармау қажеттігін ескертті. Сақтық шараларын үнемі сақтауды айтып, түрлі кеңестер берді.
« Күннен -күнге індет өршіп барады. Өзімді де өзгелерді де індеттен сақтау үшін қорғаныш құралдарын, соның ішінде бетперде тағуда аса жауапкершілікпен қараймын. Көшеге шықсам да, қоғамдық орындарға барсам да бетперде тағамын. Бүгінгі қайырымдылық көмек үшін пробация қызметкерлеріне алғыс айтамыз»,- деді есептегі азамат.
[xfvalue_img]