Есептегі азаматқа бірінші қажеттіліктегі азық-түлік табысталды
Сырдария аудандық пробация қызметі пробация есебіндегі азаматтарға қайырымдылық көмек түрлерін жиі өткізеді. Бұл жолғы қайырымдылық көмек пробация есебіндегі С. есімді азаматқа берілді. Оған бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен бірге киім- кешек берілді.
«Пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бағытында Жастар ресустық орталығымен меморандум жасалған. Осы меморандум аясында бірлесіп, мәдени-спорттық шараларды өткіземіз. Қайырымдылық көмек түрлерін де ұйымдастырамыз. Бұған дейін де есептегі тұрмыс жағдайы төмен бірнеше отбасыға көмек көрсетілді. Қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтамайды. Игі бастамалар өз жалғасын табатын болады»,- деді аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Асылжан Сақыбеков.
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
[xfvalue_img]
7 пікір