Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу

Жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу

 

АИТВ жұқпасы –қорғаныссыз секстің нәтижесінде жұғатын  ауру.Кез келген қорғаныссыз жыныстық қатынастың аяғы терең өкінішке әкеліп, етегі жасқа толып жылайтын қыздарымыз, еңіреп, енді отбасым ойран болатын болды ғой, әйелімнің,баламның немесе керісінше күйеуімнің бетіне қалай қараймын дейтін жағдайлар күнделікті қызмет барысында жиі кездеседі. Нәпсіқұмарлыққа салынып, отбасын құрып үлгірмеген  жігіттеріміз бармағын тістеп, немере күтіп жүрген ата-анама енді қалай түсіндіремін деп зар жылайды. Сондай бір рет шалыс басып, қорғаныссыз жасалған  кездейсоқ жыныстық  қатынастың аяғы өміріңдегі барлық жоспарларыңның іске асуына бөгет болады.

АИТВ-инфекциясының бүгінгі күнде жұғу,таралу жолдары ғылыми түрде толық дәлелденген. Яғни жыныстық қатынас кезінде ауру жұқтырған адамның қаны. жыныстық бөлінділері  арқылы немесе жұқтырылған анадан балаға беріледі.Кейінгі жылдары гетеросексуалдық жыныстық қатынаспен қатар инъекциялық есірткі тұтынушылар мен гомосексуалистер(мүшеқапсыз анустық қатынасқа түсетін) АИТВ жұқтыру тәуелділігі жоғары тобына  жатып отыр. Бұған дәлел елордамыздағы жастар арасындағы АИТВ жұқпасының өткен жылмен салыстырғанда  жаңадан  тіркелгендер  санының 37 жағдайға  артып отырғаны. 15-39 жас  аралығындағы  адамдардың арасында  таралуы  биыл 69%  (2019жылы 58%) , яғни 11% артқан. Есірткі қолданушылар соңғы жылдарда синтететикалық есірткі қолданудың нәтижесінде АИТВ жұқтырудың деңгейін 2,3 есеге арттырып отыр. Ерлер мен ерлер арасындағы гомосексуальдық жыныстық қатынас арқылы таралу деңгейі де 34%-ға артқан.

Сонда үміт артып отырған, жан-жақтан білім алып,ақпараттың дамыған заманында жастарымыздың батыстың жағымсыз әрекеттеріне еліктеп еріккені ме, әлде адасқаны ма немесе мәжбүрлік пе ? Осындай қан арқылы таралатын дерттің көбеюі ұлтымыздың, тегіміздің әлсіреп құртылуының бірден бір себебі. Нәтижесінде ауру,кемтар ұрпақтың дүниеге келуіне  және сандаған отбасының тас-талқан болмауына  кім кепіл бола алады.

Қорғалмаған (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас кезінде тек АИТВ ғана емес, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды жұқтырып алуға болады. Жыныстық жолмен берілетін жұқпалардың кең тараған түрлері: мерез (сифилис),  соз (гонорея), трихомониаз, урогениталды хламидиоз, кандидоз, ұшық т.б.. Қорғалмаған қынапты секс АИТВ жұқпасын жұқтыру ықтималдығы жағынан ең қауіпті.Әсіресе  әйелдердің ішкі жыныс мүшелерінң  қабынып ісінуі,эрозия, жаралар пайда болғанда АИТВ-ның қанға өтуін жеделдетеді. Қыздардың етеккір келген кезде қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуі қан арқылы таралатын АИТВ-ның жұғуының бірден бір  жолы.

Есіңде болсын: Кез келген тығырықтан шығатын жол болады. Ол сенімді жыныстық серігіңмен болу және екіншісі мүшеқап –сенің өміріңді жеңілдетіп, саналы адам екеніңді дәлелдейтін қауіпсіз,сенімді, қарапайым әрі қолжетімді нәрсе. Сонымен қатар АИТВ-дан  және жоғарыда айтылған жыныстық жолмен берілетін аурулардан,жүктіліктен қорғайды. Жыныстық қатынасқа түсу шешімін  қабылдағаннан  бастап салдары туралы  ойлау керек. Ляззат алу үшін екі жақтың келісімі болса да  өз денсаулығыңды тәуекелге апарудың қажеті жоқ.Бұл жерде сенің таңдауың аса маңызды.

Сенің қауіпсіздігің тек өз қолыңда! Басқа ауруларға қарағанда АИТВ жұқпасынан сақтану өте оңай.Тек қан арқылы өтетін байланыс пен мүшеқапсыз жыныстық актіні санамағанда, АИТВ-мен жұқпаланған  адамдармен кез келген қарым қатынасқа түсу қоршаған басқа адамдар үшін мүлдем қауіпсіз.Бір төсекте жатуға,ортақ ыдыс пайдалануға,құшақтасуға екі серіктес үшін еш қаупі жоқ.Сүйісу кезінде жұқтыру қаупі бар деген ұғым әлі жалғасуда.Ауру жұқтырған адамның сілекейінде  (қан құрамы болмаса) вирустың  жұқтыру мөлшері жоқтығы ғылыми дәлелденген.

Осы  жұқпадан қауіпсіз болудың  бірден - бір жолы:

-сенімді жыныстық жұптар құру;

-жыныстық жұптардың жыныстық серігінің тұрақты   болуы;

-кездейсоқ,қорғалмаған  жыныстық қатыныстан аулақ болу;

-есірткіге тәуелді болмау;

Егер сіздің сексуалды тәжірибеңізде АИТВ жұқтырған немесе күдік тудыратын адаммен қорғалмаған секс немесе аталған жұқпа  бойынша сұрақтар  туындаса, әрі тексеріліп, кеңестер алып күдігіңізді сейілткіңіз  келсе Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығына  хабарласыңыз. АИТВ жұқпасына тексерілу тегін,жасырын жүргізіледі.

Біздің мекен-жайымыз: І.Есенберлин көшесі 5/1 Сенім телефоны: 38-04-64

 

 Нұр-Сұлтан  қаласының  «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК –ның  маманы Ж.Смағұлова

 

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.