ҚРКФ төрағасы: «Бас келісімге қол қою - сенімді және нәтижелі әлеуметтік әріптестік негізі»

ҚРКФ төрағасы: «Бас келісімге қол қою - сенімді және нәтижелі әлеуметтік әріптестік негізі»

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестіктің және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтіп, әлеуметтік әріптестер ҚР Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қойды.

ХЕҰ-ның лайықты жұмыс тұжырымдамасы қағидалары негізінде әзірленген құжат әлеуметтік әріптестікті жақсартуға, экономикалық саясатты нығайтуға, халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, лайықты еңбек жағдайлары мен лайықты жалақыны қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Бас келісімнің негізгі тармақтарына тоқталып, сонымен қатар еңбек дауларының алдын алу және шешу саласындағы әлеуметтік әріптестіктің өзекті мәселелерін айтты.

Кездесу барысында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Бас келісімге қол қою әлеуметтік әріптестердің туындаған проблемаларды келіссөздер арқылы сындарлы түрде шешуге және өзара қолайлы шешімдерді іздеуге деген ұмтылысының дәлелі деп атап өтті.

«Үш республикалық кәсіподақ бірлестігі Бас келісім әзірлеуде бірінші рет күш біріктіріп, өз позицияларын әрі қарай жұмыс топтарындағы қорғады», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Сонымен бірге, ҚРКФ басшысы қазіргі келісімнің ерекшеліктеріне тоқталып, құжатта көрсетілген бірқатар кәсіподақ бастамаларын жариялады.

«Бас келісімнің негізгі айырмашылықтары мен өзгерістері тараптардың жұмыскерлерге еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу, әлеуметтік әріптестік институтын реформалау, «Әлеуметтік әріптестік туралы» бөлек Заң қабылдау және т.б. міндеттемелеріне қатысты болды. Келіссөздердің күрделілігіне қарамастан, біз Бас келісімге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру нормаларын енгізе алдық. Ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп көбейту, меншіктің барлық формасындағы кәсіпорындардағы жұмыскерлердің жалақысын индекстеуді заңнамалық тұрғыдан бекіту, «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы» Халықаралық еңбек ұйымының №131 Конвенциясын ратификациялауды қарастыратын жұмыс тобы құрылады», - деп атап өтті кәсіподақтар федерациясының төрағасы. 

ХЕҰ-ның 20 конвенциясын ратификациялау бойынша процедуралық әрекеттерді бастау және әлеуметтік әріптестіктің Лайықты жұмыс тұжырымдамасын іске асырудың Жол картасын әзірлеу бастамасы қолдау тапты. 

«Келіссөздер оңай болды деп айтуға болмайды, кәсіподақтардың көптеген ұсыныстары жұмыс берушілер қауымдастығы тарапынан қолдау таппады, бірақ біз бұған қарамастан ымыраға келіп, Бас келісімде маңызды ережелерді көрсете алдық»,-деді ҚРКФ төрағасы.

Ол Бас келісім қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуде сенімді және өнімді әлеуметтік әріптестің үлгісі болатынына және салалық, аймақтық келісімдерге негіз болатынына сенім білдірді.

Кездесуді қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әлеуметтік әріптестердің келісілген позицияларын ескере отырып, әлеуметтік еңбек саясатын қалыптастыру тұрғысынан Бас келісімге қол қоюдың маңыздылығын атап өтті.

       Ол әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарын қазақстандықтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жаңа Бас келісімді тиімді жүзеге асыруға шақырды. 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.