Алматыдағы декларациялаудың негізгі сәттері: III кезеңнің аралық қорытындылары

Алматыдағы декларациялаудың негізгі сәттері: III кезеңнің аралық қорытындылары

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңінің аралық қорытындыларымен бөлісті.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматыда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды, ол заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын (қатысушыларын), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайларының қамтиды. Алматы қаласы бойынша мұндай декларанттардың саны шамамен 342,9 мың адамды құрайды.

2025 жылғы 1 қаңтарда басталатын төртінші кезеңде азаматтардың қалған санаттарын, соның ішінде жеке құрылымдардың қызметкерлерін, үй шаруасындағы әйелдерді, зейнеткерлер мен студенттерді қамту жоспарлануда, бұл 1,1 млн. астам адамды құрайды.

Аралық нәтижелер:

Қазіргі уақытта активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) 145,7 мың кәсіпкер мен олардың жұбайлары тапсырды, бұл 3-кезең декларанттарының жалпы санының 42,5% құрайды.

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) 1-ші және 2-ші кезеңдегі 168,8 мың декларант және олардың жұбайлары табыс етті, бұл жоспарланған 204,5 мың адамның 82,5% құрайды.

III кезеңнің негізгі сәттері:

  1. Декларациялар санының өсуі. Берілген декларациялар саны алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда 54,5%-ға өсті, бұл азаматтардың қатысуының артқанын көрсетеді.
  2. Процестің цифрлануы. Декларациялардың 99,9%-ы электронды түрде «Салық төлеуші кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) және «e-Salyq Azamat», «eGov mobile», Kaspi.kz, Halyk, Вcc.kz мобильді қосымшалары арқылы берілді.
  3. Оң пікірлер: пайдаланушылардың 90%-дан астамы декларациялау үшін электрондық қызметтерді пайдаланудың ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларацияларды тапсыру мерзімі 2024 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады. Салық міндеттемесінің уақытылы орындалмауын болдырмау үшін тұрғылықты жері бойынша декларацияны алдын ала тапсыруды ұсынамыз.

Белгіленген мерзімде декларацияларды ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген: бірінші рет – ескерту, ал бұзушылықтың қайталануы үшін – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл.

250.00 нысаны бойынша декларацияны тапсыру нұсқаулығы келесі сілтеме https://www.instagram.com/p/C5k-UkxL5yM бойынша қолжетімді.

Жалпыға бірдей декларациялау, есептіліктерді тапсыру, салықтар мен төлемдерді төлеу және тағы басқалар туралы толық ақпаратты Департаменттің сайтында және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасында, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

51 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.