Алматыда кәсіпкерлердің 70% астамы жалпыға бірдей декларациялаумен қамтылмаған
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі шеңберінде Алматы қаласында 357 694 жеке тұлға декларациялауға жатады. Бүгінгі күні 250.00 нысанды декларацияны 101 562 адам тапсырды, бұл 28% құрайды. Бұл ретте декларацияны тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 айдан аз уақыт қалды, – деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.
Алғашқы екі кезеңде 199 218 жеке тұлға декларация тапсыруға тиіс болды, оның 150 156-сы декларация тапсырды, бұл 75% құрайды.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы керек.
Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйек – декларацияны тапсырудың соңғы күні. Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін декларацияны алдын ала тапсыруға кеңес береміз.
Декларацияны мерзімде ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бірінші бұзушылық үшін ескерту беріледі, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Декларацияда салықтарды есептеуге әкелмейтін толық емес, анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін ескерту беріледі. Бір жыл ішінде бұзушылық қайталанса, 3 АЕК (11 076 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Жалпыға бірдей декларациялау ережелерін түсіндіру үшін Департаментпен ақпараттандыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Апта сайын сәрсенбі күні сағат 11:00-ден 11:30-ға дейін ZOOM платформасында «Қазақстан Республикасындағы жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында сұрақ-жауап форматында онлайн-семинар ұйымдастырылады.
Салықтар және жалпыға бірдей декларациялау жайлы толық ақпаратпен Департаменттің сайтынан және @mkdalmaty_dgdalmaty Instagram парақшасынан, сондай-ақ 1414/3 нөмірі бойынша білуге болады.
[xfvalue_img]