Мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Ақмола облысы мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар өткізіліп, онда 2020 жылғы жұмыс қорытындылары талқыланды.
Семинар барысында Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ануар Омаров 2020 жылы 779 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын, оның ішінде мемлекеттік органдар мен өзге де уәкілетті органдардың тәртіптік комиссияларының ұсынымдары бойынша 105, тәртіптік комиссия отырыстарында қараусыз 674 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Бұл ретте тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер мөлшерінің төмендегені байқалады.
Сондай-ақ, Департамент мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану талаптары мен рәсімдерін бұза отырып шығарылған тәртіптік жаза қолдану туралы 12 актінің күшін жойды.
Қызметшінің тәртіптік теріс қылықпен келісімісіз қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметтік тергеп-тексеру рәсімдерін бұзу, тәртіптік жаза қолдану мерзімдері өткеннен кейін қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, тәртіптік жазаларды мерзімінен бұрын шешу тәртібін сақтамау және т. б. фактілері анықталды.
Қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін қарауға сапалы және жан-жақты қарауға ерекше назар аударылды.
[xfvalue_img]