2020 ЖЫЛЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ БОЙЫНША 15927 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

2020 ЖЫЛЫ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫ БОЙЫНША 15927 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

«ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «ШҚО-да жер қатынастарын тиімді дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар» тақырыбында тікелей эфир өтті.

ШҚО Жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Александровна Барсукова заңнама талаптарына сәйкес жер учаскелерін беру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс өткізу туралы хабарламаны өзінің интернет ресурсында және мемлекеттік органдардың халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық бұрыштарында орналастыратынын хабарлады.

«ШҚО Жер ресурстары барлық санаттағы жерлермен қамтамасыз етілген. 2020 жылы облыс бойынша 41 конкурс өткізілді, 382,3 мың га алаңда 771 жер учаскесі, 21 аукцион берілді, 88 млн.теңге сомасына 14,6 га алаңда 50 жер учаскесі меншікке сатылды, 62,2 млн. теңге сомасына 26,6 га алаңда 47 жер учаскесі жалға берілді. Облыс бойынша жер қатынастары саласында өткен жылы 15927 қызмет, оның ішінде электрондық 6340 қызмет көрсетілді. Электрондық қызметтердің үлесі 39,8% - ды құрады. 2021 жылы мемлекеттік цифрлық карта негізінде электрондық сауда - саттықты 100% енгізу жоспарлануда», - деді Виктория Барсукова.

ШҚО жер қатынастары басқармасы Өскемен, Семей қалалары мен аудан орталықтары бойынша жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың ГЕОПОРТАЛЫН әзірледі. Бағдарлау үшін танымал картографиялық сервистерді қосу мүмкіндігі әзірленді (Google, Yandex). Электрондық карта www.vkomap.kz сілтемесі бойынша ашық, әрі қолжетімді.

Сондай-ақ, Виктория Александровнаның айтуынша, Ашық деректердің интернет-порталында жер қатынастары басқармасы ШҚО бойынша бос жер учаскелері бойынша деректер жиынтығын (тоқсан сайын) және коммерциялық мақсаттар үшін сатылған жер учаскелері туралы мәліметтерді (жыл сайын) орналастырады. ШҚО бойынша ауданы 61882 га пайдаланылмайтын 723 субъекті орнатылды, 4 784 254,3 га алаңда пайдаланылмайтын немесе ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдары бар 5974 субъект орнатылды.

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар өткен жылы пилоттық жоба аясында Qoldau цифрлық жүйесінде ақпараттық технологияларды (ғарыштық мониторинг деп аталатын) қолдана отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға мониторинг жүргізді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.