ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеді
Сатып алу бағасын көтеру фактілерінің жолын кесу мақсатында мемлекеттік сатып алу жоспарларына тұрақты мониторингті жүзеге асыру үшін Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде «сатып алудың бірыңғай терезесі» веб-порталы белсенді қолданылады. Жүйе жоспарлау сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерге сатып алу жоспарларын қайта қарауға және тиісінше өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
«Бірыңғай терезе» 5 сатып алу алаңын, сервис сыйымдылығы 10 трлн. теңгеден асатын 100 мыңнан астам тауар позициясын біріктіреді. Сервис сатып алу бағасының артуын анықтауға, көлеңкелі айналымды қысқартуға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментімен күн сайын «сатып алудың бірыңғай терезесі» порталының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізіледі. Өткен жылы сатып алу бағасын көтеруі анықталған фактілері бойынша облыстың 68 мекемесіне ұсыныс хаттар жолданды, нәтижесінде үнемдеу сомасы 2 млрд.109 млн. теңгені құрады.
Жұмыс нәтижелері республикалық және өңірлік БАҚ-та жарияланғанын атап өту қажет. Жаңалықтар сюжеттері республикалық «Qazaqstan», «Хабар 24» және облыстық «Altay» телеарналарында көрсетілді. Жалпы республикалық және өңірлік БАҚ-да 40 және 15 жарияланым шыққан.
[xfvalue_img]