Жамбылдық полицейлер үйден шықпай көлік құралын қалай тіркеуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға болатындығы туралы айтып өтті.
Әкімшілік полиция бөлімшелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
- «Мемлекеттік тіркеу және кейбір көлік құралдарын көлік құралының теңестіру нөмірі бойынша есебі»;
-«Көлік құралдары үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру»;
- «Жүргізуші куәлігін беру».
Қазіргі таңда, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ (арнайы ХҚКО) және www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі ЭҮП арқылы – 60 минут. Жұмыс кестесі ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 18.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
«2020 жылдың 11-айы ішінде «www.egov.kz» электрондық үкімет порталы арқылы жалпы 18648 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 5883 көлік құралы тіркеліп, 12765 жүргізуші куәлігі берілген», - деп өз сөзінде Жамбыл облысы ПД процессинг орталығының бастығы полиция майоры Айбек Кушеков айтып өтті.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бөлігіндегі жұмыс Жамбыл облысы ПД басшылығының бақылауында.
[xfvalue_img]