Жүргізуші куәлігін қашан және қалай ауыстырған дұрыс?

Бүгінгі таңда көлік мінген әрбір жүргізуші жол жүру ережелерін сақтауға, көліктің техникалық жай-күйін ғана емес, сондай-ақ оны басқаруға рұқсат беретін құжаттардың қолданылу мерзімін қадағалауға міндетті. Әрбір жүргізуші көлік жүргізушінің куәлігін ауыстыру қажеттілігіне тап болады, алайда құжатты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыруға өтініш бере қоятындар аз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтерді көрсету басқармасының бас маманы Қанат Айтымов жүргізуші куәлігін қай кезде және қалай ауыстыру керектігі туралы толығырақ ақпарат берді. Оның айтуынша, жарамдылық мерзімі өткен куәліктерді ауыстырған кезде жүргізуші денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы қосымша ұсынуы қажет.

«Бұл жағдайда ақылы медициналық тексеруден өту қажет, бұл әрине қосымша шығындарға әкеледі. Сондықтан жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталмай тұрып, алдын-ала ауыстыруға кеңес береміз» - деп мәлімдеді Қ.Айтымов.

Маманның айтуынша, бұл құжатты беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны алу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге, не болмаса eGov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсырыс беруге болады. Қызметті тек жарамдылық мерзімі өткен кезде ғана емес, сонымен қатар тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, құжат жоғалған немесе ұрланған кезде де алуға болады.

Қызметті алу үшін порталға кіріп, «Көлік және коммуникациялар» қосымша қызметін, оның ішінде «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау қажет. Одан әрі авторизациядан өтіп, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек. Әрі қарай барлық қажетті мәліметтерді енгізіп, фотосурет пен қолтаңба үлгісін жүктеп, соңында 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жасап, ЭЦҚ көмегімен қол қою керек.

Сондай-ақ, Қ.Айтымовтың айтуынша, «тегін, атын және әкесінің атын ауыстыру» жолын таңдау кезінде тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлікті жүктеу қажет. құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған болса 083-У медициналық анықтамасын, ал жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасының анықтамасын енгізу қажет.

Жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 51 81 33 нөмірі арқылы хабарласа алады.

ҚР МҚІА Ақмола облыстық департаментінің баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.