2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласының демографиялық ахуалы туралы
2020 жылғы 1 қазанға Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 171302 адамды құрады. 2019 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 49493 адамға немесе 4,4%-ға өсті.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 22312 туылғандар тіркелді, бұл 2019 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4%-ға өсті. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 25,70 туылғандарды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 4916 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 5,66 қайтыс болғандарды құрады.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйекте халықтың табиғи өсімі 2019 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 1171 адамға немесе 6,3% -ға кеміді.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 24,1%, жаңа өскін - 12,9%, жазатайым оқиғалар, тыныс алу органдарының аурулары - 10,9%, улану және жарақаттану - 6,2 %-ды алады.
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте елордаға 81870 адам келіп, 64120 адам кетті (көші-қон айырымы +17750 адам).
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте келгендер 46499 адамды, кеткендер 28245 адамды құрайды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өлімнің негізгі себептері бойынша қайтыс болғандар
[xfvalue_img]