2019 жылғы қаңтар-қарашадағы Нұр-Сұлтан қаласының демографиялық ахуалы туралы
2019 жылғы 1 желтоқсанға Нұр-Сұлтан қаласы халқының саны 1131891 адамды құрады. 2018 жылғы сәйкес күнмен салыстырғанда халық саны 61695 адамға немесе 5,8%-ға өсті.
2019 жылғы қаңтар-қарашада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұтастай алғанда 26438 туылғандар тіркелді, бұл 2018 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға кеміді. Туудың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 26,08 туылғандарды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 3903 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы коэффициенті халықтың 1000 адамына шаққанда 3,85 қайтыс болғандарды құрады.
2019 жылдың қаңтар-қарашада халықтың табиғи өсімі 2018 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 691 адамға немесе 3% -ға кеміді.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең жоғары үлестік салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 30,6%, жаңа өскін - 21%, жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану - 9,5%, тыныс алу органдарының аурулары - 7,7%-ды алады.
Халықтың ағымдағы есебінің деректері бойынша 2019 жылғы қаңтар-қарашада елордаға 150216 адам келіп, 119244 адам кетті (көші-қон айырымы +30972 адам).
Қаланың негізгі көші-қон алмасуы өңіраралық көші-қон есебінен қалыптасқан: 2019 жылғы қаңтар-қарашада келгендер 78765 адамды, кеткендер 46754 адамды құрайды.
2019 жылғы қаңтар-қарашадағы өлімнің негізгі себептері бойынша қайтыс болғандар
[xfvalue_img]