Бородулиха аудандық әкімдігіндегі «Ашықтық» тұжырымдамасы

Бородулиха аудандық әкімдігіндегі «Ашықтық» тұжырымдамасы

Ағымдағы жылдың 20 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі К.Қ. Бичуинов «Antikor.live» жобасына қатысты.

 Тікелей эфир барысында Кинугул Қашкенұлы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Мемлекет басшысының мемлекеттік органдар ашықтық принципіне негізделген халықпен қарым-қатынас жасау форматына ауысу туралы тапсырмасына сәйкес Бородулиха ауданында «Сервистік әкімдік» қызметін ашу бойынша жұмыс жүргізілді. «Сервистік әкімдік» мемлекеттік органдардың Open-space форматындағы тиімді үйлесімділігі болып табылады.

Атап айтсақ, 2020 жылғы 26 тамызда Бородулиха ауылы Тәуелсіздік көшесі 69 мекен жайында орналасқан аудандық әкімдік ғимаратының бірінші қабатында «Бородулиха - Адалдық алаңы» фронт офисімен бірлескен сервистік әкімдік ашылды. Жұмыстың жаңа форматына көшу аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметті өзге органдарға бармай-ақ бір жерде алуға мүмкіндік береді. Сервистік әкімдіктің көмегімен азаматтарға сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары, әлеуметтік сала, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы электрондық үкімет порталынан өз бетімен мемлекеттік қызметтер алуға мүмкіндіктер жасалғанын атап өтті.

Қазіргі таңда Бородулиха ауданының аумағында ауылдық және кенттік округтердің әкімдіктерде, кітапханаларда, сервистік әкімдікте 22 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмысы жалғасуда, бүгінгі күнге дейін 18 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар Бородулиха ауданының әкімі мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай терезесі арқылы үнемделген қаражат мөлшеріне тоқталып, ағымдағы жылдың 10 айында 44 млн. теңгеден астам қаражат үнемделгенінін мәлімдеді.

Ал, «Ашық бюджет» жобасының шеңберінде жыл көлемінде Шығыс Қазақстан облысынң ашық бюджеттерінің интерактивті картасына Бородулиха ауданынан 4,5 млрд. теңге сомасына  29 бюджеті жаряланды.

Бүгінде тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Адал көмек» жобасының шеңберінде, аудандық әкімдің өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелерге құлақ түріп, сан-сауалдарды шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатуға белсенділік танытып отыр.

Олар танымал әлеуметтік желілер (Facebook, Instagram) арқылы «тікелей эфирге» шығып, халыққа заң тұрғысында ақпараттық бағыт-бағдар беруде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.