Ақмола облысында Сервистік әкімдік ашылды
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ халықпен коммуникацияның тиімділігін арттыру және азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Ақмола облысының Атбасар ауданында Сервистік әкімдік ашылды.
Бұл жұмыс кеңістігі аудан әкімінің аппаратында ұйымдастырылған және бір жерде азаматтарды қабылдау, өтініштерді жедел қарау, сондай-ақ кеңес беру үшін арналған.
Ашық әкімдік мемлекеттік органдардағы Open-space және Front office жұмысының тиімді үйлесімі болып табылады, оның ажырамас бөлігі - қызметкерлердің тартылуына негізделген жоғары ұйымдастыру мәдениетінің болуы.
Сервистік әкімдікте ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің, сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері өз қызметін жүзеге асырады.
Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарды қабылдау және консультациялар өткізу онлайн режимде жүргізілетінін атап өткен жөн.
Айта кету керек, облыстың бірқатар аймақтарында осыған ұқсас Сервистік әкімдіктер жұмыс істейді. Алдағы уақытта оң тәжірибені тарату басқа аудандарда да жоспарланып отыр.
[xfvalue_img]
1 пікір