АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ АУЫЛДЫҚ «АШЫҚ» ӘКІМДІК ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ
Красный Яр ауылында Ақмола өңірде бірінші болып ауылдық деңгейдегі «Сервистік әкімдік» өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанаты аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев пен облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың қатысуымен өтті.
«Мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделі облыстың қалалары мен аудандарында ғана емес, ауылдық округтерінде да біртіндеп енгізілуде. Мемлекеттік қызметтер мен консультацияларды жедел көрсету біздің өңірдің әрбір тұрғынына қолжетімді болуы тиіс деп есептейміз. Жалпы облыс бойынша қалалар мен аудандарда 16 сервистік әкімдік жұмыс істейді. Осылайша, Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын» тұжырымдамасын іске асыру туралы тапсырмасы белсенді орындалуда. Сонымен қатар, мемлекеттік аппарат қызметінің транспаренттілігін жүзеге асыру мақсатында Ашық бюджеттердің интерактивті картасы жұмыс істеуде, түрлі мемлекеттік құрылымдарда «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері құрылуда, қызметтің барлық салаларында арнайы мониторингтер және басқа да шаралар жүргізілуде», - деді іс-шара барысында Мұрат Төлеубаев.
«Барлығына белгілі, мемлекеттік басқарудың тиімділігі ашықтық, айқындылық, халық алдында есеп беруге міндеттілік сияқты қағидаларды сақтамай мүмкін емес. Қоғамның сенімі мен онымен сындарлы диалог құру әрбір мемлекеттік орган қызметінің негізгі құраушысы болуы тиіс. Осы орайда, жергілікті атқарушы органдардың «сервистік» жұмыс форматына көшуі мемлекеттің халықпен кері байланысын орнатудың дайындығының дәлелі болып табылады», - деп атап өтті Ғалымжан Әбдіқалықов.
Красный Яр ауылдық округінің басшысы Нұрлан Айсинның кабинеті әкімдік ғимаратының бірінші қабатына көшіргенін атап өткен жөн. Бұл мемлекеттік органның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етудің тағы бір қадамы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]