ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылғы 19 қарашада «Азаматтық бақылау» жобасы аясында жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің мамандарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО департаменті және «Жастарды әлеуметтік тұрақты дамыту қорымен» онлайн режімінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы мәселелері талқыланды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Асқар Арыстан Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістерді мамандардың назарына жеткізді.

«Ағымдағы жылғы қазан айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Сондай-ақ, заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің тұрғын үй төлемдеріне, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс-қызметтер құруға және т.б. бағытталған нормалар көзделген» - деп атап өтті А.Асқар.

Спикер кездесуге қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде белгіленген қызметте және тұрмыста жүріс-тұрыс стандарттары туралы еске салды. Жұмыс уақытында мемлекеттік қызметкерлер іскерлік этикет пен мінез-құлық ережелерін сақтауы тиіс екеннін атап өтті. Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды ұстануға, заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс екендігін баса айтты.

Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.