ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Өскемен қаласының №2 сотының мамандарына онлайн семинар өткізілді
Ағымдағы жылғы 14 қазанда Өскемен қаласының №2 сотының мамандарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО департаментінің және облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің өкілдері онлайн режімінде семинар өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларды сақтауы мәселелері талқыланды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы Гүлнұр Бекбаева Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесінің негізгі ережелерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларына енгізілген соңғы өзгерістерді мамандардың назарына жеткізді.
Осылайша, заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.
Лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтындығын және тағы бірқатар жаңалықтарды түсіндірді. Сондай-ақ, "Қоғамдық бақылау туралы" арнайы Заң әзірленетіндігін, бұл Заң мемлекеттік аппараттың қоғам алдындағы транспаренттілігі мен есептілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге оң әсер ететіндігін атап өтті.
ШҚО мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Надежда Окатенко мамандарға мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде белгіленген қызметте және тұрмыста жүріс-тұрыс стандарттары туралы еске салды.
Спикер жұмыс уақытында мемлекеттік қызметкерлер іскерлік этикет пен мінез-құлық ережелерін сақтауы тиіс екеннін атап өтті.
Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды ұстануға, заңда тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге құқық бұзушылықтарды жасауға жол бермеуге тиіс екендігін баса айтты.
Кездесу соңында семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты.
[xfvalue_img]
28 пікір