Мағжан Жұмабаев ауданында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесінің жұмысы іске қосылды
Ауданды жұмыс сапарымен облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин аралады.
Сервистік әкімдікте 6 бөлімнің мамандары, соның ішінде кәсіпкерлер палатасының өкілі орналасқан. Енді аудан тұрғындарында «бір терезе» қағидасы бойынша 44 мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі пайда болды.
Облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов «Ашық әкімдік» фронт-кеңселері аудан тұрғындарына кеңес беру, құжаттарды қабылдау және алғашқы көмек көрсету үшін ыңғайлы алаң құруға бағытталғанын атап өтті. Фронт-кеңсенің ашылуының арқасында Булаево қалалық әкімдігі жаңа жөндеуден өтті және қызметкерлер енді ыңғайлы жағдайда жұмыс істейтін болды.
«Аталған жобаның аудандық деңгейде жұмыс істеуі сервистік мемлекеттің дамуына қажетті серпін беріп, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Жасалған жағдайлардың арқасында қызмет көрсетушілер бірінші кезекте адамдардың қажеттіліктеріне назар аударулары керек», - деді Нұрлан Жахин.
Бұдан басқа, КВИ-мен күрес жөніндегі ахуалдық орталықтың жұмысы шеңберінде төсек-орындар және медициналық жабдықтар мен препараттардың болуы тұрғысынан медициналық ұйымдарға, сондай-ақ дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру және олардың тапшылығы тұрғысынан мән-жайды анықтау үшін дәріханаларды аралады. Бақылау барысында мұндай фактілер тіркелген жоқ.
[xfvalue_img]