Жаңақала ауданында фронт-кеңсе ашылды
Фронт-кеңсенің ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Махамбет Бақтығұлов, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық сот төрағасы Сабыржан Есжанов, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының басшылары, медиаторлар мен сот мамандары қатысты.
М.Бақтығұлов қатысушыларды құттықтай келе, фронт-кеңсе азаматтарға көрсетілетін сот қызметі мен қызметтердің сапасын жақсартады, сондай-ақ сот жұмысын оңтайлы ұйымдастырады және сотқа келушілерге қолайлы жағдай туғызатының айтып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева және Билер кеңесінің мүшесі А.Салауатов өз сөздерінде осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
Сот төрағасы С.Есжанов фронт-кеңсенің практикалық жұмысы туралы айта келіп, оның қызметінің соттардың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті. Кезекші кеңсе сотқа келушілерге ыңғайлы болуы үшін барлық жағдайларды жасайды.
Кеңсе қажетті жабдықтармен жабдықталған. Мұнда сотқа арыздар мен өтінішхаттарды қарау және беру тәртібі, істерді қарау және материалдардың қаралуы мен қаралу барысы, сот отырыстарының уақыты, кіріс почтасы және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары туралы ақпарат беретін анықтама орталығы орналасқан.
Фронт-кеңсе хай-тек стилінде рәсімделген: тартымды ақшыл түстегі ашық кеңстікке баурайды. Онда: анықтама орталығы, медиаторға арналған үстел және өзін-өзіне қызмет көрсету орны бар. Бұлайша рәсімдеу сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз ету мақсатын көздейді.
Жаңақала аудандық соты
Батыс қазақстан облысы
[xfvalue_img]