Ақмолалық мемлекеттік қызметші әйелдердің 21% басшылық лауазымдарды иеленеді

Ақмолалық мемлекеттік қызметші әйелдердің 21% басшылық лауазымдарды иеленеді

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, облыстың мемлекеттік аппараты кадрларының жай-күйіне жүргізілген мониторинг қорытындысы мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетеді.

«Мемлекеттік қызметшілердің 88% жоғары білімге, 17% екі не одан артық жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызметтегі орта еңбек өтілі 9 жылдан, лауазымдағы орта еңбек өтілі 4 жылдан асады. Гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда - қызметшілердің 65,3% әйелдер, ал олардың 21% басшылық лауазымдарды иеленеді» - деп Д.Хайруллин хабарлады.

Басшы лауазымдардағы әйелдер саны мынадай: облыстық басқармалар басшылары арасында – 13%, қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары арасында – 23%, дербес бөлімдер басшылары арасында – 41%, ауыл әкімдері арасында – 19%.

Өңірдегі мемлекеттік қызметтің беделі артып келеді. Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке алғаш рет 420 адам қабылданды, бұл ретте конкурстарға қатысушылар санының 12%-ға артқаны байқалады.

2232 азамат заңнаманы білу бойынша тестілеуден өтіп, оның 48% шекті мәннен сәтті өтті.

Қызметшілердің мансаптық өсу қарқыны байқалады: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің 80,1% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Сондай-ақ, соңғы 3 жылда жүйеден босатылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта таза ауысым деңгейі 3,1% құрайды.

Спикер өз сөзінде мемлекеттік тәртіпті нығайту және әдеп бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі жұмыстың қорытындыларымен бөлісті.

«Облыста 67 Әдеп жөніндегі уәкіл жұмыс істейді. Олардың жұмысы тәртіпті қамтамасыз етуге, Әдеп кодексінің нормаларын бұзудың алдын алуға, мүдделер қақтығысын болдырмауға немесе оларды жоюға, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға бағытталған.

Әдеп бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қараумен бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңес те айналысады. Өткен кезеңде оның отырыстарында 44 мәселе қаралса, оның 66% мемлекеттік қызмет, тәртіптік тәжірибе, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі туралы заңнаманы тәжірибелік тұрғыда іске асыру мәселелері» - деп Д.Хайруллин атап өтті.

Жалпы, Д. Хайруллиннің айтуынша, кадрлық жұмыстың дұрыс механизмі кадрлық тәсілдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметшілердің тиімді ортасын құруға мүмкіндік берді.

 

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.