«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі компьютерлік техникаларды бөлу үрдісінің ашықтығын қадағалайды
Бүгін ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсембаевтың төрағалығымен компьютерлік техниканы сатып алу мониторингі мәселесі бойынша кеңес өтті. Кеңеске ҚР БҒМ заң департаментінің директоры Н.А. Байжанов, Заң департаменті директорының орынбасары Т.В. Давлет, Қаржы және Мемлекеттік сатып алу департаменті басқармасының басшысы С.О. Тимахамбетова, ҚР БҒМ Баспасөз хатшысы Г.Омарбек, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, ЖАО облыстық білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, ҚР БҒМ «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің өкілдері және «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт қатысты. Кеңес барысында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік сатып алу жоспары құнының сәйкестігі шеңберінде өзара іс-қимылдың алгоритмі әзірленіп, мониторинг жүргізуге байланысты ұсыныстар енгізілді.
Айта кеткеніміз жөн, облыстың 647 білім беру мекемелеріне 26509 компьютерлік техниканы жалпы соммасы 4,1 млрд теңгеге алу жоспарлануда. Әлеуетті жеткізуші ретінде өз баға ұсыныстарын 12 компания ұсынды.
«Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі негізінде құрылған жұмыс тобы аталған компьютерлік техникаларды бөлу үрдісінің ашықтығы, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуы және оқушыларға таратылуын қадағалайтын болады.
[xfvalue_img]