АНТИКОР ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫ  НЫҒАЙТУДА

АНТИКОР ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫ НЫҒАЙТУДА

 

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында алдағы саяси реформалардың халықты ел басқаруға кеңінен тартуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік органдардың шешім қабылдаудағы ашықтығы – азаматтық қоғаммен сындарлы диалогты қамтамасыз етудің басты қыры.

Азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен жұмылдыру оны қабылдамауды қалыптастырудың шешуші факторы ретінде Антикордың күн тәртібінде  бірінші кезекте тұр.

Қазіргі таңда ашықтық, қолжетімділік және транспаренттілік қағидаттарымен жұртшылықпен жемісті әріптестік өзінің тиімділігін көрсетуде.

Арнайы мониторингтік топ, ақпараттық-ағартушылық штаб, «Адалдық алаңы», «Адал көмек», «Ашық бюджет» жобалық кеңселері, Қоғамдық кеңес және ведомствоның басқа да консультативтік-кеңесші алаңдары тұрмыстық жемқорлықты жою, мемлекеттік органдарды трансформациялау, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріндегі ауқымды өзгерістердің шынайы қозғаушысына айналды.

Мемлекеттік бақылауға азаматтық бақылау институтын балама ретінде күшейту – Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қоғамдық бақылау туралы» заңды қабылдауға мүмкіндік береді.

Антикор үкіметтік емес сектормен өзара ынтымақтастың көкжиегін кеңейте отырып, ішкі бизнес-үрдістерге бағытталған бірлескен қызметтің жаңа деңгейіне шығады.

Енді Агенттіктіктің апта сайынғы аппараттық кеңестеріне оның барлық консультативтік-кеңесші институттары қатысады. Орталықта және өңірлерде жұртшылық өкілдері қаралатын тақырыптарды тең дәрежеде талқылауға қатысады, қызықтыратын сұрақтарын қояды, жемқорлыққа қарсы саясатты одан әрі жетілдіру бойынша өз ұсыныстары мен ұсынымдарын енгізеді. Сондай-ақ, олар кеңестерде қабылданған шешімдердің орындалу барысын бақылай алады.

Сонымен қоса, Антикордың тәртіптік комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Агенттіктің қоғамдық кеңесінің мүшесі Ерлан Әбіл мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталықтың төрағасы, «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов кірді.

Жемқорлықпен күресушілер мұндай тәсілдің Агенттік қызметкерлерінің тәртіптік және этикалық әрекеттеріне қатысты фактілерді зерделеуде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ететініне сенімді.

Қаржылық қызметте барынша ашықтыққа қол жеткізу мақсатында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің кеңесшісі, арнайы мониторингтік тобының мүшесі Олег Савеленко мен «Adal pharm»  жобалық кеңсесінің жетекшісі Серік Айдарбеков мемлекеттік сатып алу жөніндегі ведомстволық конкурстық комиссияның құрамына енгізілді.

Сондай-ақ, сатып алу рәсімдеріне «Атамекен» ҰКП мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің сарапшылары да тартылады. Олардың сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмалары мен ерекшеліктерінің жобаларына берген сараптамалық қорытындылары әлеуетті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде тең мүмкіндіктер беру үшін қажет.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив