Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өткізілді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев министрліктердің жауапты хатшылары мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері басшыларының қатысуымен тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, әкімдіктердің өкілдері және Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысты.
Кеңес барысында А.Шпекбаев 2019 жылдан бастап тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында ашылған "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің әлеуетін әлсіз пайдалануды атап өтті.
Оның айтуынша, жобалық кеңселер бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға және мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге, open space және фронт кеңселерін енгізу арқылы мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшуіне азаматтық қоғамның кеңінен қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың генераторы болуы тиіс.
Өз кезегінде Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» бастамасын іске асырудың оң мысалы ретінде КАЗГЮУ Университетінің провосты С.Г. Пен бастаған «Адал білім» Білім және ғылым министрлігінің жобалық кеңсесінің тәжірибесі атап өтілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша әзірленіп жатқан жол картасына ұсыныстар енгізуге шақырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша лайықты бастамалары жоқ басшылар туралы баяндауды тапсырған болатын.
[xfvalue_img]