Семей – «Бизнес пен инвестицияларды қорғау»  жобасын іске асыру»

Семей – «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасын іске асыру»

 

Шығыс қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, ШҚО Семей қаласында «Protecting business and Investments» жобасын белсенді түрде ілгерілетуді және іске асыруды жалғастыруда.

23 қыркүйекте ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының Семей қалалық филиалында осы өңірдің кәсіпкерлерімен кездесу өтті.

Естеріңізге сала кетейік, жоба қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру мақсатында әзірленді. Жобаның негізгі бағыттары-құқықтық қорғау, бизнес-процестерді оңтайландыру, реттеушілік ықпал ету, қоғамдық бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылық.

Іс-шараға ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері, өңірдің ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты: «Art-Жарнама» ЖШС, «Энерготехсталь» ЖШС, «Востокэлектропривод» ЖШС, «Эйкос» ЖШС, «ФИК «Алел» АҚ, «Қалиханұлы» ШҚ және өз бизнес-жобаларын іске асыратын және мемлекеттің дамуына үлес қосатын басқа да отандық инвесторлар.

Кездесу барысында сындарлы әңгіме болып, спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік туды. Қатысушылар ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының өңірдегі өкілдігінің белсенді бірлескен жұмысқа және бизнесті жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу бойынша облыстың инвесторлары мен кәсіпкерлерін құқықтық қорғауды қамтамасыз етуге дайындығы туралы хабардар етілді.

Айта кету керек, «Protecting Business and Investments» жобасын жүзеге асыру Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің санын арттырып келеді. Осылайша, бүгін МЕДСЕРВИС ПЛЮС ЖШС Өскемен филиалымен А класты дәріхана қойма терминалының құрылысы жобасы бойынша бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

Жобаны іске асыру бойынша іс-шара Семей қаласының мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен және БАҚ-та кеңінен жария етумен өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив