АДАЛ БИЗНЕС СЕНІМДІ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС
«Protecting Business and Investments» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Anticor ortalyǵy» сервис ғимаратының алаңында аймақ кәсіпкерлерімен іскерлік кездесу өткізді.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев кездесуге қатысушыларға жобаның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің осы бағыттағы қызметі бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау арқылы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге бағытталғанын атап өтті. Өз кезегінде бизнес саласының өкілдерінен өз ісін парасатты және адал жүргізу талап етіледі.
Кездесу соңында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен өңірлік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық туралы төрт келісімге қол қойылды, онда жоба шеңберіндегі тараптардың әрқайсысының негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында қолайлы инвестициялық климат құру және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру міндеті болып табылатын «Protecting Business and Investments» жобасының қорғауында түрлі қызмет салаларының 35 кәсіпорны бар. Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]