АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛҒАШ РЕТ «ANTIKOR LIVE» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ АЛҒАШ РЕТ «ANTIKOR LIVE» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ.

 «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы Бауыржан Балғабековтың қатысуымен «Ақтөбе облысы әкімдігінің ашықтығы, есептілігі, қол жетімділігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған іс - шаралар туралы» тақырыбында тікілей эфир өтті.

ANTIKOR.LIVE» жобасының басты мақсаты төтенше жағдай кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды күшейту туралы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президентінің берген тапсырмасын орындау болып табылады.

Алғашқы сөзінде Департамент басшысы Бауыржан Балғабеков барша көрермендерге Жемқорлыққа қарсы Департаменттің Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдына қойған міндеттеріне сәйкес бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.

Тікелей эфир барысында, облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасалып жатқан жұмыстар жайлы  мағлұмат беріп көрермендердің сауалдарына жауап берді. Сонымен қатар, пандемия кезіндегі атқарылған жұмыстарға тоқталып, олардың нәтижелерімен бөлісті.

«Облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Ақтөбе қаласында құрылған жемқорлыққа қарсы қызметтің «Аntikor» сервистік орталығы да зор үлес қосты. Салалық ведомство мен қоғам арасындағы өзекті мәселелер бойынша сенімді диалог форматы жолға қойылды. Осы құрылған институт  өзіне жүктелген міндеттерге толық жауап бере алды десек артық айтпаймыз», -деді облыс басшысы  О. Оразалин.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 8 айында мемлекеттік органдар 43 ішкі талдау жүргізілді. Өкінішке орай, тек 13  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған. Осыған байланысты үстіміздегі жылдың 18 тамызында өткен аумақтық комиссияның отырысында барлық мемлекеттік органдарға арнайы тапсырма беріліп, ішкі талдау жұмыстарына дұрыс көңіл бөліп,  сапалы жүргізу тапсырылды.

Облыс басшысының айтуы бойынша «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.  «Ақтөбе-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп, әрбір әкімдік ғимараттарында 15 «сервистік әкімдік» және «Фронт офис»  ашылды. Түрлі мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер өкілдері арнайы бір орталыққа шоғырландырылды. Онда тұрғындардың сапалы әрі жедел, кәсіби қызмет түрлерін алуға барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, ашықтық пен қолжетімділікті қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдардың бірінші қабаттарында 60тан аса «open space» форматындағы кабинеттер ашылды. Болашақта барлық мемлекеттік мекемелерде аталмыш кабинеттер халық үшін есіктерін ашатын болады деген сенімдеміз. Және де, қазіргі таңда ауылдық округтерде  өз – өзіне қызмет ету бұрыштарын ашу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұның барлығы да халықтың өміріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. 

Атап кететін жайт, «Ақтөбе-Адалдық алаңы» жобалық кеңесімен бірлесіп, жыл басынан бері жолдарды жөндеу және салу сапасын  14 көшпелі мониторинг жүргізілді.  Нәтижесінде барлығы 15 бұзушылық фактілері анықталып, тиісті шаралар қабылданды.Яғни сапасыз жасалған жұмыстарға сын-ескертпелер айтылып, оны түзетіп қайта жасауға тапсырма берілді.     

Сонымен қатар, облыс әкімі пандемия кезінде халық арасында үлкен дауға ұласқан жағдайлардың бірі дәрі – дәрмектердің бағаларына тоқталды.

«Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Дәрі-дәрмекпен азық-түліктің қорының жеткілікті болуы басты назарда.Иә, жасыратыны жоқ, пандемия уақытында дәріханалардағы қажетті дәрі-дәрмектің бір сәтте сөрелерден табылмай қалуы бәрімізді де де сергелдеңге салды. Дегенмен, бұл жағдайды да түзету үшін, яғни дәрі-дәрмек қорын толықтыруға облыстық бюджет тарапынан қомақты қаржы бөлінді.   Дәріханаларға келіп жатқан отандық дәрі-дәрмекке қосымша толықтыру жүргізу үшін 16 түрлі қажетті дәрі-дәрмектерді Ресей Федерациясынан  әкелуге дәріхана желілеріне  айналымға 500 млн теңге берілді»,- деді Оңдасын Оразалин.

Карантин уақытында басталып, бүгінге дейін жалғасып жатқан мониторингпен қамтылған 200-ге жуық дәріханалардың 73-інде заң бұзушылықтар анықталған. Айыппұл көлемі – 32 млн тг құрады. Сонымен қатар, тексеру нәтижесінде «Заңсыз кәсіпкерлік қызметімен» айналысу айыбы бойынша   13 факт тіркеліп, 3 қылмыстық іс қозғалды,  41 дәрі-дәрмек түрінен   2374 дана дәрі-дәрмек тәркіленді.

Осы орайда, заң төңірегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесежергілікті атқарушы органдар "ADAL ko' MEK " жобасын жүзеге асыруда.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орталық мемлекеттік органдардың  мамандары мен сарапшылары қабылдаулар ұйымдастырудa.  Тегін заң көмегі көрсетілуде.

«Сонымен қатар, карантин режиміне байланысты барлық оқу орындағы биылғы жылдың алғашқы тоқсанын онлайн форматта өткізіп жатқаны белгілі. Осы орада облысымызға 28 мыңнан аса компьютерлік техника келеді деп күтілуде. Оның барлығы да шалғайда жатқан ауыл – аудандарға жеткізілетін болады. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың жол картасы аясында облыста 11567 жұмыс орны құрылды, соның ішіндегі 5784 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды»,- деді Оңдасын Оразалин.

Тікелей эфирды қорытындылай келе, Департамен басшысы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанында бірыңғай Call-орталық-1424 жұмыс жасайтындығын еске салды. Байланыс орталығы арқылы тұрғындар тегін кеңес алуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерінің кез келген фактілерін хабарлауға болады.

«Сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру қазіргі замандағы мемлекет азаматтарының жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді Департамент басшысы Б. Балғабеков.

"AQTÓBE - ADALDYQ ALAŃY" жобалық кеңсесі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

16 пікір

  1. аватар
    Rochell 25 сентября 2023 02:37

    If some one needs to be updated with most recent technologies therefore he must be pay a visit this web page and be up to date every
    day.

    Also visit my blog post - Bridget

  2. аватар
    Marina 8 апреля 2024 12:51

    Hey just wanted to give you a quick heads up.
    The words in your content seem to be running off the screen fluoxetine in Belgien ohne Rezept erhältlich Chrome.
    I'm not sure if this is a format issue or something to do with browser compatibility
    but I figured I'd post to let you know. The layout look great though!
    Hope you get the issue resolved soon. Cheers

  3. аватар
    Alecia 26 сентября 2024 15:01

    оператор эзс, сколько стоит зарядить электромобиль в алматы нефтяная инженерия профессия,
    электроэнергетика специальность alteco kz, alteco
    запчасти алматы ойлы әдемі сөздер, ұстаным сөздер

    Take a look at my web page ... қилы заман қысқаша
    мазмұны

  4. аватар
    Ines 15 октября 2024 06:55

    база невыездных рб, проверить запрет на выезд по иин үшінші адам скачать, әбдіжаппар әлқожа бәйбішеге скачать әлді сөзінің синонимі, синоним сөздер қазақша айя японское имя,
    имя айя арабское

    Review my blog: гомердің поэмаларының бірі

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.