АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЖАҢА БАСЫМДЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

 

Құқық қорғау жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңес өткізді.

Кездесу барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство басшысы кездесуге қатысушыларды Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы басым бағыттар туралы хабардар етті.

«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту қажеттігін атап өтті және алдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жариялады. Жолдау аясындағы негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар келесіні қамтиды. Біріншіден – сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты. Екіншіден – 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу. Үшіншіден – азаматтар мен жұртшылық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға кеңінен тарту мақсатында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы», - деді Мұрат Төлеубаев.

Сондай-ақ, спикер өткен жылдан бастап бағынышты қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін, сондай-ақ өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдамағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілік институты заңды түрде енгізілгенін және қолданатынын еске салды.

Кеңес барысында облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы әскери ортада сыбайлас жемқорлық алдын алудың, шақыру комиссиясының жұмысын күшейтудің, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау ашықтығына баса назар аударды.

Бұдан басқа, әскери қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнематериалдар көрсетілді.

Кездесу соңында халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру мемлекетке әскери қызмет атқаратын әрбір адам үшін басты бағдар болуға тиіс екендігі атап өтілді.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.