«АДАЛ ҰРПАҚ», «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ БАРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

«АДАЛ ҰРПАҚ», «САНАЛЫ ҰРПАҚ» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ БАРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

         «ANTIKOR ORTALYGY» алаңында «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында Департамент басшысының бірінші орынбасары Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы және Білім басқармасы басшысының орынбасары Имангазинова Римма Асымқызы және Республикалық «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басшысы Тоқушев Қайыржан Ахметбекұлының қатысуымен Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде Елордалық мектептер мен колледждерде жүзеге асырылып жатқан «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобаларының жұмысы туралы онлайн сұхбат өтті.

         Кездесу барысында, Қайыржан Тоқушев «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жұмысы және барлық өңірлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарға бірқатар ұсыныстарын айтты.  

         «Аталған жоба Алматы қаласында орналасу да жай құбылыс емес. Оған басты себептің бірі - Алматы барлық білім ордаларының шоғырланған алаңы. «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің басты мақсаты - білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, көзқарасты қалыптастырып, мәдениетті көтеру болып табылады. Уақытты ұтымды пайдалана отырып, эфир барысында бірнеше ұсыныстарымыз бен ескертпелерімізге тоқталып кетпекпін. Өздеріңізге белгілі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіліп, басшылар өз қоластындағы қызметкерлері үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл оқу мекемелерінің басшыларына да тікелей қатысты айтылған. Тағыда айта кетерлігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың басым көпшілігі тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің бастамасымен жүзеге асырылуы. Ең алдымен білім мекемелерінің басшылары тарапынан бастама болуы керек.    

Сондай-ақ сайттарды мониторинг жүргізу барысында, білім мекемелері жүргізіліп жатқан іс-шараларды күшін жойған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңыңа сілтеме жасай отырып жүргізуі байқалады. Бүгінде әрбір білім ордасы қолданыстағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 6 бабы 3-1 тармақшасына енгізілген толықтыруларға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуі қажет. Мониторинг барысында әлі ешбір мекеме бұл жұмыстарды жасамағаны байқалады. Үздіксіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қажеттілігін айтамыз.   Ең бастысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  білім беру, ақпараттық, ұйымдастырушылық үш негізгі құрамдас бөліктен тұратынын түсу және сол реттілікпен жұмыстар жүргізу керек» - деді Тоқушев мырза.        

         Келесі спикер Римма  Имангазинова: «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасымен білім беруде парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 2018 жылдан бері «Астана – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде, 88  «Адал Ұрпақ» ерікті клубы ( жалпы білім беретін мектептер), 35 «Саналы ұрпақ» студенттік клубы құрылып өз жұмыстарын атқаруда. Бүгінгі күні клубқа кірген оқушылар саны 50 мыңнан асады. Дәстүрлі түрде, 2 қыркүйекте 9-11 сынып оқушылары үшін 25 466 оқушыны қамти отырып парасаттылық бойынша сынып сағаттары және а.ж. қаңтар айында 6-8 сынып оқушылары үшін 44 017 оқушыны қамти отырып «адалдық сағаттары» өткізілді.                                                                                          Ал енді келесі 2020-2021 оқу жылына келесі  жобаларды іске асыру жоспарлануда:                                                                                      - «сенім бюросы» жобасы (әр мектепте жол жүру, сөмке, телефон, ақша және т. б. табуға арналған жәшіктер құрылады.);                                        - «бірыңғай іс-әрекет күні» жобасы (тоқсан сайын "мектеп әлеуметтік белсенділік аумағы" акциялары, "менің азаматтық ұстанымым" әлеуметтік роликтер, брифингтер "ересектерге сұрақ қой");

- «Адалдық шеберхана» жобасы (әр мектепте шеберхана бұрыштары модификацияланады, онда балалар бос уақытында өз бетінше қолөнермен айналыса алады, дайын қолдан жасалғандар"Адалдық дүкендеріне"сатылатын болады) - деп қорытындылады Римма Имангазинова.                                      Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Келесі «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы эфирларды күнделікті «Астана – адалдық алаңы» және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінінің FACEBOOK парақшаларында көре отырып, қызықтырған сұрақтарыңызға жауап ала аласыздар.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.