Аудандарда орташа жөндеуден өткен жолдарға мониторинг жүргізілуде
25 тамыз күні «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт мониторингтік топ мүшедерімен «Сапалы жол» жобасы аясында ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесіп Ұлан ауданының Манат ауылына кіреберіс 20-32 шақырым аралығы және Көкпекті ауданының «Тарғын-Самар» бағытындағы 113-133 шақырым аралығындағы орташа жөндеуден өткен автожолдардың сапасына мониторинг жүргізді.
Жоғарыда аталған автожолдардағы орташа жөндеу жұмыстарын «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ремдор» ЖШС мен «ДСУ-14» ЖШС мердігер компаниялары орындауда.
Мониторинг барысында асфальтты арнайы құрылғымен ойып, оның құрамы мен жобаға сай стандарты сараланады. Зертханалық тексеріске 3-4 күн уақыт кетеді. Егерде тексеріс барысында қандай да бір олқылықтар анықталса, мердігер ұйымдарға ескерту жасалып, кемшіліктердің орнын толтыру үшін уақыт беріледі. Берілген уақытқа сәйкес мердігер ұйым олқылықтардың орнын толтырмаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.
Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы облыстың барлық қала, аудандарында салынып жатқан жол сапасын тұрақты түрде бақылайтын болады.
[xfvalue_img]