Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Экология, геология және табиғи ресурстар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бірлескен консультативтік жиналыс өтті. Күн тәртібінде министрлік пен оның комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері талқыланды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитеттерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді.

«Біз сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша нақты ұсыныстар тізбегін ұсындық. Алайда, оларды іске асырудың табыстылығы терең, әрі дербес ішкі талдауды қажет етеді. Бұл мемлекеттік органдар үшін аксиомаға айналуы тиіс. Мәселен, әркім өз олқылықтарын басқаларға қарағанда жақсы біледі», - деп Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өтті.

Су ресурстары комитеті мен оның ведомстволық бағынышты мекемелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, су шаруашылығы, мемлекеттік сатып алу, бақылау функциялары мен персоналды басқаруда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері.

Экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде тәуекелдерді тексеру іс-шаралары кезеңдері мен бірыңғай тәсілдерді қамтамасыз етуде зиянды өтеу және бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар белгіленген.

Агенттік әкімшілік тәжірибені ретке келтіруді ұсынды, ол бүгінде тәжірибелік іске асырудағы әртүрлілігімен сипатталады, яғни, бірдей әрекеттер үшін әртүрлі санкциялар қолданылады, ал айыппұл келтірілген залалға сәйкес келмейді.

Ұсыныстарды іске асыру аясында министрлік мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу тәртібінің мерзімдері, залалды белгілеу және есептеу тәртібі, анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым жасау және жіберу бөлігінде ережесін әзірледі.

Министр Мағзұм Мырзағалиев ведомство қызметкерлеріне «транспаренттілік қағидаттарын сақтау және нормаларды түсіндіруде кез келген екіжақтылықты болдырмайтын нақты рәсімдерді белгілеу арқылы ғана экология саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатынын» атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.