АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУҒА ЖОСПАРЛАНҒАН 100 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЛДІ
Көкшетау қаласының «Аntikor ortalyǵy» сервистік ғимаратында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың, сондай-ақ «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мен өңірлік Арнайы мониторингтік топтың жетекшілері Самира Тайтенова және Хасан Ерденовтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті.
Тікелей эфирде өткен брифинг барысында спикерлер ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметінің негізгі қорытындыларын жариялады.
Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың айтуынша, жұмыстың негізгі бағыты - қоғамда парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жүйесін қалыптастыру.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің тұрақты трансляциясын қарастыратын «Аntikor.live» жобасы шеңберінде тікелей эфирге 153 шығу жүзеге асырылды. 65 онлайн-кеңес «Adal kómek» жобасы аясында өтті, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету болып табылады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар жұмысының «сервистік» моделін енгізу бойынша жоба жұмыс істеуде. Бұл жоба азаматтарға бір жерде жедел және кедергісіз қызмет көрсетуді білдіреді. Қазіргі таңда осы форматта облыстың 17 өңірінің әкімдіктері жұмыс істейді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда 67 Ореn space және front office ашылды.
«Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында Департамент құны 1,2 трлн. теңгеден астам 59 инвестициялық жобаны сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейді.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыстың 7 мемлекеттік мекемесі мен ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді (оның ішінде 3 бастамашыл). Талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерді жою бойынша 23 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 6 нормативтік-құқықтық актілер және 17 ұйымдастыру-басқару қызметі мәселелері бойынша.
Есепті кезеңде 9 сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді және тақырыптық мониторинг жүргізілді. Айта кету керек, бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған 9 лауазымды тұлға жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша жұмыстан шығарылды.
Департамент жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі арқылы ағымдағы жылдың басынан бастап 100 млн.теңгеден астам қаражат үнемделді.
Сондай-ақ, Департамент жұртшылықтың өкілдерімен бірлесіп, шетелден келіп түсетін Соvid-19-бен күресу үшін гуманитарлық көмекті сүйемелдеу және бөлу бойынша бақылау жүргізеді. Медициналық құралдар мен бұйымдарды қайта сатуды болдырмау мақсатында «Гуманитарлық көмек. Тегін. Сатуға болмайды».
Одан басқа, дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермеу мақсатында Департамент уәкілетті органдармен және жұртшылықпен бірлесіп, облыстың 284 дәріханасы қамтылған дәріханаларға мониторинг жүргізуде. Дәрі-дәрмектің бағасын көтерудің 27 фактісі анықталды. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша 9 әкімшілік хаттама толтырылды.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті
[xfvalue_img]