СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ  ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

 

Көкшетау қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаевтың 2019 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есептік кездесуі өтті. Кездесу аясында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, аймақтық арнайы мониторинг тобының және ақпараттық-ағартушылық штабтың басшылары сөз сөйледі.

Кездесу барысында Мұрат Төлеубаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында жүзеге асырылған іс-шаралар және Департаменттің жедел-тергеу бөлімшелерінің есепті кезеңдегі атқарған жұмыстары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 3088 іс-шара өткізіліп, оған мемлекеттік қызметкерлер мен жұртшылық қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған жобалар жұмыс істейді: «Ақмола – адалдық алаңы», «Бизнес пен инвесторларды қорғау», «Саналы ұрпақ» және т.б. Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бастамалары әділдік, сенім және парасаттылық сияқты құндылықтар призмасы арқылы іске асырылады.

Қылмыстық тәжірибеге келер болсақ, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 166 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеді, оның ішінде 142 — і сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша. Қылмыстың негізгі бөлігін ұрлық фактілері құрайды, олардың саны — 82, және парақорлық фактілері, олардың саны - 65. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін 99 адам тартылды, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 7 фактісі анықталды, мемлекеттік органдар тарапынан шағын және орта бизнес қызметіне араласудың 20 фактісі анықталды. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 16 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. 60-тан астам тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілері анықталды. Сондай – ақ, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру барысы бойынша қабылданған шаралар туралы «Ақмола-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Самира Тайтенова мен өңірлік Арнайы мониторингтік топтың төрағасы Владислав Шуль баяндама жасады.

Есеп беру кездесуін қорытындылай келе, өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Департамент қоғаммен тығыз қарым-қатынаста өңірдегі сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша барлық қажетті шараларды қолға алатындығын айтты.

«Әркім сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікті қалыптастыру бойынша белсенді азаматтық ұстанымды танытуға шақырамын. Тек бірлескен күш - жігермен ғана біз жемқорлықты жалпыға ортақ өркендеуіміздің игілігі үшін жоя аламыз», - деп атап өтті Мұрат Төлеубаев.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.