АЛДАҒЫ ОҚУ ЖЫЛЫНА МЕМЛЕКЕТ ҚАНДАЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ҚАНША ГРАНТ БӨЛДІ
Еліміз бойынша маусым айында ҰБТ тапсырған және шекті балл жинаған талапкерлерден мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылданып жатыр. Биыл мемлекеттік білім грантына үміткерлердің саны 80 мыңнан асады, оның ішінде 61 039 талапкер құжаттарын eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы тапсырған. Грантқа құжаттарды жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы да тапсыруға болады. Мамандар бейне байланыс арқылы талапкерлерге кеңес беріп, қажетті білім беру бағдарламасын таңдауға көмектеседі. Жоо-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы 9 472 талапкер құжат тапсырған. Құжаттарды осындай тәсілмен тапсыру электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) жоқ азаматтар үшін ыңғайлы. Құжаттарды 30 шілдеге дейін тапсыруға болады.
53 мың қазақстандық талапкер жоғары білімді тегін – мемлекет есебінен ала алады. Мемлекет еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие кадрларды даярлауға ақша бөледі, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарға, педагогтер мен құрылысшыларға деген үлкен сұраныс байқалады. Осы үрдісті ескере отырып, аталған бағыттар бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемі де артуда. Гранттар университеттерге бөлінбейді, яғни үміткерлердің соңынан жүреді - бәрі олардың таңдауына байланысты екендігін айта кеткен жөн.
Мысалы, 2020-2021 жылдары «Ақпараттық технологиялар» мамандығына көп грант бөлінген, атап айтсақ 2 468 грант. Болашақ IT-мамандарды еліміздің 49 жоғары оқу орнында оқытады.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 2 147 грант бөлінген. Бұл сала бойынша мамандарды 11 медициналық университет дайындайды. Жалпы, медициналық қызметкерлерді оқытуға бюджеттен биыл 2 700 орынға қаржы бөлінді.
8 мыңнан астам бюджеттік орын педагогика саласындағы мамандықтарға тиесілі. Олардың ішінде ең көбі – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» (789 грант), «Шет тілі мұғалімдерін даярлау» (760 грант), «Химия мұғалімдерін даярлау» (740 грант), «Физика мұғалімдерін даярлау» (730 грант), «Биология мұғалімдерін даярлау» (730 грант), «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (660 грант), «Математика мұғалімдерін даярлау» (500 грант), «Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдерді даярлау» (350 грант), «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» (200 грант), Сондай-ақ алғашқы әскери дайындық мұғалімі (20), музыка мұғалімі (30), көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау (30) бағыттары бойынша да грант ұтып алуға болады.
«Электротехника және энергетика» (1 800), «Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру» (1 702), «Механика және металл өңдеу» (1 500) мамандықтары бойынша көп грант бөлінген.
Гуманитарлық бағыттағы 12 мамандық бойынша 1 285 бюджеттік орын бөлінген, атап айтқанда, философия және этика, дін және теология, тарих және археология, аударма ісі, филология, әлеуметтану, саясаттану, журналистика мен репортерлік іс және т.б.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан «Биология және аралас ғылымдар» (650 грант), «Физика» (852 грант), «Химия» (670 грант), «Математика және статистика» (600 грант), «Ақпараттық қауіпсіздік» (600 грант), «Коммуникация және коммуникациялық технологиялар» (500 грант), «Электротехника және автоматтандыру» (720 грант), «Жер туралы ғылым» (450 грант) және тағы басқа бағыттар қаржыландырылады.
Талапкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы – «Ветеринария» (825 бюджеттік орын), «Өсімдік шаруашылығы» (470), «Агроинженерия» (360) мамандықтары бойынша да конкурсқа қатыса алады.
Естеріңізге сала кетейік, жоо-ның академиялық еркіндігі шеңберінде 2019 жылдан бастап білім беру бағдарламаларының Тізілімі жүргізілуде, бұл ауқымды техникалық және мазмұнды сараптама жүргізу арқылы бағдарламалардың сапасын бағалауға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда Тізілімге 9 130 білім беру бағдарламасы енгізілген, оның ішінде 541 жаңа және 83 инновациялық бағдарлама.
Мәселен, 1 қыркүйектен бастап еліміздің жоғары оқу орындары «Деректерді қолданбалы талдау», «Технологияларды және инновацияларды басқару», «Биоинженерия», «Цифрлық аударма», «Спорт журналистикасы», «IT-кәсіпкерлік және цифрлық экономика», «Сандық педагогика», «Жасанды интеллектісі бар жоғары жүктелген ақпараттық жүйелер», «Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау», «Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау», «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер», «Ауыл шаруашылық экологиясы», «Медициналық құқық», «Қолданбалы эпидемиология» және т.б. мамандықтар бойынша кадрларды даярлайды.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
[xfvalue_img]