«Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша теңдессіз ынталандыру: ағылшын тілінде тесті үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді

«Қысқы ҰБТ» нәтижелері бойынша теңдессіз ынталандыру: ағылшын тілінде тесті үздік тапсырған оқушы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік білім грантын иеленеді

Республика бойынша 2019 жылдың 18 қаңтарында сағат 9:00-де оқудың ақылы бөліміне түсушілер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. 18-20 қаңтар аралығында 35 838 талапкер сынаққа қатысады. Оның ішінде 61-і білімін ағылшын тілінде сынайды. ҰБТ-ны шет тілінде тапсырушылар санының артуына «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қызығушылық танытты. Осыған орай, тестіленушілерге ынталандыру ретінде жоғары балл жинаған оқушыны шетелдік ЖОО-ға грантқа түсірмекші.

ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Жанболат Мелдешов тесті ағылшын тілінде үздік тапсырған талапкерге грант бөлуге дайын екендігін айтып, бірқатар шетелдік серіктес ЖОО-ларды белгіледі.

2019 жылдан бастап қазақстандық мектептердің түлектері ҰБТ-ны төрт рет тапсыруға мүмкіндік алды. Бұл бастаманың мақсаты - мектеп бітірушілерге ЖОО-ға түсу мүмкіндігін арттыру. Оқушылар ҰБТ-ны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсыра алады. Биыл 61 талапкер тесті ағылшын тілінде тапсыруға бел буды (салыстырмалы түрде: жазғы ҰБТ – 2018 кезінде, тек, 25 оқушы ағылшын тілінде тапсырды).

«Жалпы, шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік өте көп. Биыл шетелдік ЖОО-лар біздің азаматтарға 40 000 грант бөлуге дайын. Бұл – әр талапкердің тегін білім алуға мүмкіндігі бар деген сөз. Мектеп түлектері ҰБТ сертификатымен қазақстандық ЖОО-ларға ғана емес, шетелдік оқу орындарына да түсе алады. Мысалы, Түркия жоғары оқу орындарына біздің сертификатымызбен түсе алады. Ол үшін ағылшын және түрік тілдерін білуі керек», - дейді Ж. Мелдешов.

            Соңғы жылдары ағылшын тілінде білім беру қарқынды дамып келеді. Кейбір қазақстандық мектептерде ағылшын тілінде пәндер енгізілген. Ағылшын тілінде тест тапсырудың басты мақсаты – шетелдік ЖОО-ға түсуге деген ниет. Бұл сұрақ бойынша талапкерлерге «Халықаралық бағдарламалар орталығы» көмектесуге дайын.

 

                                                                      ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.