Шөлдала иінінде бір тәулікте 40-тан астам құқық бұзушылық анықталды
Жамбыл облысының орталығында қылмыстың алдын алу және ескерту мақсатында 140-тан астам полиция қызметкері қатысқан жедел – алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру жұмыстары барысында Шөлдала иінінде орналасқан 20300 тұрғыны бар 29 үй қамтылды. 76 адамға дактилоскопиялық тіркеу жүргізілді.
41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 14 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келу), ҚР ӘҚБК-нің 505-бабы 1-бөлігі бойынша -10 хаттама (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру) толтырылды. 12 қару иесі тексеріліп, екі адамға қатысты қаруды сақтау және тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды. Есепте тұрған 73 адам тексерілді.
Тұрғындармен ұрлықтың алдын алу, мал жаю ережесі, балалар қылмысының алдын алу, сондай-ақ су айдындарында шомылу мәселелері бойынша профилактикалық бағыттағы ескерту жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға учаскелік полиция инспекторларының жадынамалары, буклеттер мен визит карточкалары таратылды.
[xfvalue_img]
22 пікір