Елорда аумағында «Тонауға қарсы» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Қалта телефондары мен оның қосалқы бөлшектері ұрлығын және ұрланған мүліктерді сақтау және сату орындарын анықтау мақсатында «Артем» сауда орталығының аумағында тексеріс шаралары жүргізілді.
Тексеру барысында, «Байқоңыр» ауданы Полиция басқармасына 30 адам жеткізіліп, олардан ешқандай құжатсыз 250 телефон тәркіленіп алынды.
«Тонауға қарсы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2013 жылы қолды болған телефонды анықтады. Сонымен қатар ағымдағы жылдың шілдесінде ашық түрде жымқыру фактісі бойынша жоғалған 2 телефон анықталды.
Профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында Көші—қон қызметі және Жергілікті полиция қызметкерлері 50-ден астам, оның ішінде белгіленбеген орындарда сауда жасағаны, спиртттік ішімдіктерді ішкені, көші-қон заңнамасын бұзғаны, қала аумағында абаттандыру қағидасын бұзғаны, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін және қаланың жасыл желектерін бүлдіргені үшін әкімшілік хаттама толтырған.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]