ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БҰЗУҒА ЫҚПАЛ ЕТКЕН МӘН-ЖАЙЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ  ҰСЫНУЛАР ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАРАЛДЫ

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БҰЗУҒА ЫҚПАЛ ЕТКЕН МӘН-ЖАЙЛАРДЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНУЛАР ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕ ҚАРАЛДЫ

 

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуларды онлайн-режимде қарады.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшылығы облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлерінің назарына қылмыстық іс шеңберінде ұсыну бойынша ақпарат жеткізді.

Бұған дейін мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғасына және басқа да тұлғаларға қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталған болатын.

Заңдылықты бұзу жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, мемлекеттік мекеменің материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың нашар ұйымдастырылуы және бухгалтерия қызметкерлері мен өзге де материалдық-жауапты тұлғалардың бухгалтерлік есеп ережелерін нашар білуі салдарынан жол берілген.

Осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қайта жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кінәлі тұлғаларға қызметтік тексеру жүргізу және тәртіптік сипаттағы қатаң шаралар қабылдау, мемлекеттік органның қорлары мен өзге де материалдық құндылықтарына толық түгендеу жүргізу, қорларды дұрыс пайдалану бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізу ұсынды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кінәлілерді анықтауға және жазалаумен ғана шектермейді. Басымдықта - алдын алу сипатындағы шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметке тек жоғары адамгершілік қасиеттерге ие азаматтар келген кезде ғана жемқорлықты жою мүмкін болады. Сондықтан, парасаттылық және сатылмаушылық әр мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық нормасы болуы тиіс», - деп, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасары Арман Рахимов, өз сөзінде атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.