АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРДІ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БОЙЫНША ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ЖОЛ БЕРДІ

 

                 Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде бейнеконференцбайланыс арқылы ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынулар қаралды.

                 Департамент басшылығы өңірдің білім беру саласының жүздеген қызметкерлеріне іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер шеңберінде ұсынуларды жеткізді.

                 Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу нәтижесінде облыстық білім басқармасының жанындағы колледж директоры өзіне және басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, сондай-ақ, білім беру саласының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзғанын анықтады. Сондай-ақ, облыс аудандарының бірінде білім беру бөлімінің басшылығы мемлекеттік сатып алу саласындағы талаптарды өрескел бұзуға жол берген.

                 Ұсынуларды қарау қорытындылары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сәйкес салада білікті және практикалық тәжірибесі бар мамандарды тарта отырып, комиссияларды жасақтауды, сондай-ақ, фото - және (немесе) бейнетіркеуді қолдауды, орындалған жұмыстар көлемінің бар-жоғын тиісті тексермей, орындалған жұмыстар актілерін қабылдау фактілерін болдырмауды ұсынды.

                 Онлайн-кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Мұрат Төлеубаев «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, олардың себептері мен салдарлары туралы мәліметтер білім беру процесінің барлық субъектілерінің назарына танысу және алдағы уақытта білім беру қызметкерлері тарапынан заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында міндетті түрде жеткізілуге тиіс.Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, адалдық пен сатылмаушылық әрбір мемлекеттік қызметшінің мінез - құлқының нормасы болу тиіс»,- деп қорытындылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.