АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЭЦҚ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ҰРЛАНҒАН
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуларды онлайн-режимде қарады.
Зеренді ауданының әкімімен және аудан әкімдігінің қызметкерлерімен бейнеконференция байланысы барысында облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы іс жүргізумен аяқталған қылмыстық істер шеңберінде екі ұсынуларды жеткізді.
Мәселен, сотқа дейінгі тергеу шарасы барысында Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы мекемелердің бірінің бухгалтері басшысының электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды. Ол өзінің карточкадағы есеп-шотына жалақысы және ілеспе табыс түріндегі ақшалай қаражат, жалпы сомасы 979 499 теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түпкілікті шаралардың нәтижесінде жоғарыда көрсетілген қаражат мемлекет кірісіне өтелді. Бухгалтер 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды.
Мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары тарапынан заңдылықты бұзудың негізгі себептері жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауы, құзырет пен орындаушылық тәртіптің төмен деңгейі, формальды тәсіл болды.
Алдағы уақытта мұндай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің еңбек және қызметтік тәртібін бақылауды күшейтуді, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша қызметкерлермен тұрақты негізде сабақтар өткізуді және ұсынымдарда көрсетілген басқа да қажетті шараларды қабылдауды ұсынды.
«Басшылардың бағынышты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілігі, сондай-ақ ұжымда алдын алу шараларын дұрыс қолданбағаны үшін жауапкершілік туралы мәселе осы өңірде ерекше өзекті, өйткені соңғы жылдары Зеренді ауданының мемлекеттік қызметшілерін сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартудың бірнеше рет фактілері бар. Осыған байланысты, азаматтардың билікке сенімін жоғалтпай, заңнамаларды мүлтіксіз сақтауға және мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға шақырамын», - деп атап өтті облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы Мұрат ТӨЛЕУБАЕВ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Динара Нұртаз
[xfvalue_img]