СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЕЛОРДАЛЫҚ  «ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА СҰХБАТ БЕРДІ

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ЕЛОРДАЛЫҚ «ANTIKOR ORTALYǴY» АЛАҢЫНДА СҰХБАТ БЕРДІ

Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» алаңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының докторы Мұрат Бақтиярұлы және департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызы Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде парасаттылық, әділдік, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында онлайн сұхбат өткізді.   

            Мұрат Бақтиярұлы 124 ғылыми және еңбек әдістерінің, оның ішінде 8 кітаптың авторы. Өзінің еңбек жолында «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Білім беру ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталған.

         Сұхбат барысында Мұрат Бақтиярұлы тәуелсіздік алғалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында заңдар қабылданып, толықтырулар енгізілгенін және бұл өзгерістердің өзіндік ерекшеліктерін атап өтті. Сыбайлас жемқорлықпен күресуден бөлек алдын алу мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін және бұл тұрғыдан агенттіктің бастамасына қолдау білдіретін жеткізді.

         «Елімізде 7 мыңға жуық мектеп бар. Өскелең ұрпақты мектеп табылдырығын аттаған сәттен бастап адал, парасатты болуға және оларды рухани құндылықтар арқылы тәрбиелеу өте маңызды. Сонымен қатар оқу стандарттарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, саяси мәселерді жоғары сынып оқушыларына оқыту қажет. Мемлекет басшысы Ұлттық кеңес отырысында білім саласын реформалау қажеттігін тапсырды. Енді осы ұсыныстарды енгізіп, талқылайтын боламыз» - деді Сенат депутаты.

Жазира Жақсылыққызының айтуынша «Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында білім саласына қатысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Алайда, агенттіктің 1424 call-орталығына білім мекемелерінде ақша жинау мәселесіне қатысты хабарламалар келіп түсуде.

«Мектеп – ол қасиетті жер. Барлық бастамалар мен мәселелер басшыларға байланысты. Мектептің рейтінгін баллмен есептеп жатамыз, ал оның тәрбиесіне де қарау керек. Әркімнің отбасы – мектеп. Парасат сол жерден басталу қажет. Директорларды тағайындау бойынша ұсыныстар енгізілуде және оларды ротациялауды міндетті түрде қосу керек.

Абай Құнанбайұлы қазақтың басты идеологиясы. Абайды,  оның қыры мен сырын бірінші сыныптан оқытып, өлеңдерін жаттатып жатамыз. Ал мазмұны, түсінігі қалай? Сол жағы кейінге қалып қойып жатыр. Жас ұрпаққа еңбек, білімге қатысты айтқандарын түсіндіріп, сіңдіру қажет. Білім мен тәрбие қатар жүруі керек. Ақша адал біліммен, маңдай терімен келеді. Осы мәселелерді үйретсек қоғамға қосқан үлесіміз болады. Тәрбие, тәртіп бар жерде заң бұзушылық болмайды.

Қазақтың үш арысы, алаш зиялылары – Сәкен Сефуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Олардың орны ерекше. Олардың жасаған еңбектерін жас ұрпаққа паш ету біздің міндетіміз. Депутаттық сауалдан кейін іс-шаралар өткізіліп, ескерткіштер ашылды» - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Сенат депутаты еліміз жедел әрекеттердің арқасында короновирус індетінің таралу деңгейі басқа елдермен салыстырғанда төмен екенін айтты. Халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты, мемлекеттен шағын және орта бизнесті қамтамасыз ету үшін 1трлн. қаржы бөлінген. Жұмыссыздық мәселесі, ауыл шаруашылығы бірінші орында тұратын болады.

Мұрат Бақтиярұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің сервистік орталығы және «Астана – адалдық алаңы» жоба кеңсесімен танысты. Азаматтарға жасалған қолайлы жағдай және олармен кері байланыс орнату - халық үніне құлақ асу болып табылады. Және бұл бастамалар еліміздің дамуына үлкен үлес қосатынын жеткізді.   

Желі қолданушылары ұйымдастырылған сұхбатқа алғыстарын білдіріп, еліміздің әлеуметтік-мәдени және ғылым саласына қатысты сұрақтарына жауап алды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.