АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ  ЖАЛҒАН 57 СТУДЕНТКЕ ШӘКІРТАҚЫ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ ЖАЛҒАН 57 СТУДЕНТКЕ ШӘКІРТАҚЫ ТӨЛЕП КЕЛГЕН

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және басшының орынбасары Рүстем Танабаев білім беру саласының қызметкерлерімен бейнеконференцбайланыс арқылы ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде енгізілген қылмыстық құқық бұзушылық жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін жағдайларды жою туралы ұсынымды қарастырды.

Өз сөзінде Мұрат Төлеубаев білім беру жүйесінің мекемелері білім беру процесін ұйымдастыру арқылы ерте жастан бастап тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру керектігін атап өтті. Ел мен әлемдегі күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан Мемлекет басшысы мемлекеттік басқарудың өзге де салалары арасында білім беру жүйесін дамытуға басымдық береді. Бұл салаға әрқашан бюджет қаражаты үлкен мөлшерде бөлінеді.

Бейнеконференцбайланыс барысында басшылық қылмыстық іс шеңберінде ұсынымды назарына жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы Агротехникалық колледждің директоры өзіне және басқа адамдарға пайда мен артықшылықтар алу мақсатында осы колледжде оқымаған және сабаққа мүлдем қатыспаған 57 студентке  шәкіртақы төлеп келгені анықталды. Осы арқылы мемлекетке 4 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Көрсетілген жағдайлар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, бюджеттік заңнаманың, колледж қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын бұзуға, сондай-ақ жоғары тұрған басшылық тарапынан тиісті бақылаудың болмауына байланысты мүмкін болды.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоға қарасты мекемелердің жұмысына, атап айтқанда, қаржылық және әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейтуді ұсынды.

Сонымен қатар, Облыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының басшысы білім беру жүйесінің қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатқа адал болуға және оны балаларға дұрыс жеткізуге, сондай-ақ, жас ұрпақты адами құндылықтарға үйретуге және еліктеуге лайықты үлгі болуға шақырды.

Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық бақылау институтын дамыту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жою сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі басымдығы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.