Мәдениет және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына төнген қауіп-қатер
Ағымдағы жылы 20 мамырда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболаттың, орталық аппарат, ведомствоға бағытынысты ұйымдар мен облыстық басқармалар ұжымдарының қатысуымен мәжіліс өткізді.
Төраға орынбасары өз сөзінде «Мәдениет пен спортты дамыту мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру және адами капиталды арттыру оны сапалы іске асыруға байланысты. Осылайша бұл саладағы сыбайлас жемқорлық барша қоғамның орнықты дамуына кедергі келтіреді», - деп атап өтті.
2018 жылдың басынан бері мәдениет және спорт саласында 135 сыбайлас жемқорлық тіркеліп, залал 698 млн. теңгеден асып түсті.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны туралы айта келе, Нұрлан Шабдар анықталған 68 млн. теңгеден астам залалдың орны толтырылғанын айтты, оның 82-сі тек осы жылы.
Ол сондай-ақ өткен екі жылдың (2018 жылы – 50, 2019 жылы – 48) ішінде құқық бұзушылықтарды анықтаудың тең серпінінде салыстырмалы түрде бірінші тоқсанда (бірінші тоқсанда 37) үш есе артқанын көрсетті.
Жалпы, соңғы екі жылда сотқа 88 қылмыстық іс жіберілді, онда 41 адам (атап айтқанда, биыл 7 адам сотталды) сотталып, ал бірқатарына қатысты сот шешімдері күтілуде.
Статистиканы келтіре отырып, спикер «Жоғары лауазымдар да, регалия да, елеулі қызмет те, мемлекет пен қоғам алдында заңда белгіленген жауапкершілікке тартудан кешіру болып табылмайды» деп атап айтты.
Айтқандарына дәлел ретінде ол МСМ-ның жауапты хатшысы Уәлиев пен департамент директоры Даржибаевтың сотталғанын айқын мысал етіп келтірді.
Сотталушылардың орындығында сондай-ақ республикалық және өңірлік деңгейдегі 10-нан астам басшы отырды. Мысалға, Ауыр атлетика бойынша олимпиадалық дайындау орталығының директоры Калиеков, Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Сабыр, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Үмбет сотталды.
Мәдениет және спорт саласындағы отызға жуық басқа да шенеуніктер мен қатардағы қызметкерлер жауапкершіліктен сытылып кете алмады.
Н. Шабдар пәрменді жазалау шараларымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың да саласы басым орын алатындығына ерекше назар аударды.
Тергеу және шығарылған сот шешімдерінің нәтижелері бойынша мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік органдарға анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты шаралар қабылдау және олқылықтарға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін 37 ұсыным енгізілді. Нәтижесінде, 23 адам жазаланды.
Кездесу аяқтала сәтте шараға қатысушылардың назарына бағынысты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін басшылардың жауапкершілігі туралы қараша айында енгізілген түзетулер жеткізілді.
[xfvalue_img]