Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі спорт және дене шынықтыру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуы бойынша жиналыс өткізді
2019 жылдың 12 тамызында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (әрі қарай - Агенттік), Спорт және дене шынықтыру комитетімен оның құрылымдық мекемелерінің қызметкерлеріне жиналыс өтті.
Бұл жиналыста, 2018-2019 жылдардағы спорт және дене шынықтыру саласындағы анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың қорытындылары туралы талқыланды.
Агенттік төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан аталған жиналысты ашып: «Бүгінгі жиналыстың мақсаты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес, Агенттіктің басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу», – деді.
Агенттіктің 1-ші Департаменті басшысының орынбасары Балғабеков Бауыржан өз сөзінде статистикалық мәліметтерге сәйкес аталған салада 2018-2019 жылдары аралығында құқық қорғау органының өндірісінде 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру өндірісі болғанын хабарлады.
Сөз сөйлегендер қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбісі бюджет қаражатын жымқыру, лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану және парақорлық деректері бойынша екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Б. Балғабековпен Комитеттің және оның құрылымдық мекемелерінің басшыларына спорт саласында сыбайлас жемқорлықты тәуекелдерді жою туралы нақты ұсынымдар берілді.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық туралы мәлім болса, ол туралы 24/7 режимінде 1424 call-орталығына хабарлауыңызға болады.
[xfvalue_img]
33 пікір