СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып Амангелді Сатанов тағайындалды.
Сатанов Амангелді Есмағзиұлы 1987 жылы Түмен облысы, Қазан ауданы, Новогеоргиевка ауылында туған. 2008 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2011 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Кеңесшінің білім беру, саясат, мемлекеттік қызмет салаларында тәжірибесі бар. 2017-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап «Қызылжар - адалдық алаңы» жобалық кеңсесін жетекшілік етуде.
«Qyzyljar – adaldyq alańy» жобасының миссиясы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастыру, азаматтардың Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.
[xfvalue_img]
17 пікір