Қарақия ауданының әкімі болып Қыдырберді Беков тағайындалды
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қарақия ауданының әкімін таныстырды. Қарақия ауданының әкімі болып Қыдырберді Беков тағайындалды.
Беков Қыдырберді Әндірұлы 1977 жылы туған. Білімі жоғары, 2000 жылы Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Жер кадастры инженері» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылдың маусым айынан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2001-2004 жылдар аралығында «ММГ» АҚ, кейін Маңғыстау облыстық Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығында инженер жерге-орналастырушы болып қызмет атқарған.
2004-2011 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық жер ресурстары басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы болды.
2010 жылдың ақпан айынан 2011 жылдың қараша айына дейін Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының әкімі қызметін атқарған.
2011 жылдың қараша айынан бастап Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарақия ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарды.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір